Көз құпиясы…

Неліктен адамның көздері мұздамайды?

Әрбір адам өз мысалында аязды күндері құлағының ұшы, мұрны, қолдырының ұштары мұздай бастайтынын біледі. Ал суық желде кірпіктерге қырау қата бастаса да көздер мүлдем тоңбайды, тіпті суықты да сезбейді. Оның сыры адамның көздерінде температураны сезетін жасушалардың болмауында. Алайда, ондай жасушалар саусақ, мұрын, кұлақ ұштарында көптеп кездеседі.

Сонымен қатар мынандай қызықты жайтты білгендеріңіз абзал. Яғни адам жалған сөйлеп, өтірік айтқанда көздерінің қызуы көтеріліп, жанарының температурасы жоғарылайды екен. Бұл құбылыс өтірік айту барысында адамның бойыдағы қан айналасы жоғарылай бастауымен түсіндіріледі. Осындай ағзада болатын тосын реакциялар арқасында бүгін де инженерлер «өтірік индикаторын» ойлап тапты. Бұл құрал жанардағы алмашықтардың температуралық өзгерісін 100%-дық дәлдікпен анықтай алады екен. Оқуды жалғастыру