Қазақ оюы әлемде сұранысқа ие

Қазақ оюы әлемдік киім дизайнерлерінің назарын аудартуда. Көрші ресейлік дизайнерлер арқылы Еуропа елдерінде жеткен қазақ оюы бар күртешелер сәнқойлардың сүйікті киіміне айналған.  Бұған дәлел жақында Париждегі Hotel de Crillon салтанат үйінде өткен әлемдік сән апталығының соңғы күні ресейлік белгілі дизайнер Анастасия Романцова  «A La Russe» атты жаңа топтамасын ұсынды. Қызығы сол топтамада қошқар мүйіз оюлы қазақтың бешпетіне ұқсас көйлекті байқауға болады. Алайда, ою екендігі туралы сөз жоқ. Тек бұл туралы ресейлік дизайнердің instagramm желісіндегі суреттерінің астында қызу талқылау жүріп жатыр. Оюды жазбай танығандар қазақтың қошқар мүйізі десе, тағы бір пікірлерде мұндай ою Якуттарда да бар деседі. Алайда дизайнердің өзі бұл туралы тіс жармаған. Screenshot_2014-05-04-12-08-23Ресейлік басылымдардың жазуынша  Анастасия Романцованың киімдері Еуропа елдерінде сұранысқа ие. Бүгінде оның қолынан шыққан сәнді киімдерді Лондондағы Rousiland, Париждегі Dessauvages Communication  кеңессінің дүкендерінен табуға болады. Әлемдік жылтырақ басылымдардың жазуынша «A La Russe» топтамасы көрсетілім барысында талайдың көзіне, артынша дүкендеріне түскен. Биылғы топтамада ерекше сұранысқа ие болғаны ұлттық өрнектері бар көйлектер деп жазады әлемдік басылымдар.

Жалпы сән әлемінде жаңа нәрсенің ойлап табылуы сирек деседі, сәнқойлар. Дизайнерлердің әлемнің әр түкпірінен көзі шалғанды жетілдіріп, өзінікі қылып көрсетуі жиі кездесетін жайт. Немесе әрбір 20-30 жылда дизайнерлер бұрынғы сән тенденцияларын сәл өзгерістермен қайта таныстырып жатады. Жалпы әлемде соңғы кезде ұлттық өрнегі бар киімдерге сұраныс артып келе жатқаны байқалады. Өкініштісі отандық дизайнерлердің бұйымдары емес, ресейлік болмаса еуропалық сән топтамаларынан қазақи ою-өрнекпен әрленген киім немесе белдік, бөрік, сырға. білезік сынды  аксессуарларды көріп қалуға болады. Сән саласы мамандарының айтуынша бұларға сұраныс әрқашан жоғары әрі жақсы бағаланады. Кейбір еуропалықтардың Қазақстанға келгенде олардың сән сахналарынан көргені, мұнда бағаланбайтынына таңқалатынана куәміз. Отандық дизайнерлердің шетелдік сахнаға ою өрнекті киімді шығара алмауына не себеп екені беймәлім. Біздің бұйым, өзгенің киімі болып әлем аралап жүргеніне тағы да іш күйеді. Қолдан келер қайран тағы жоқ. Ресейлік басылымдардың жазуынша  Анастасия Романцова әйгілі Барбиді ресей құрамындағы ұлттарының киіміне киіндірмекші. Жақында Париж төрінде таныстырылған топтамасына кірген қазақы камзол «Ресейде жасалған» деген белгімен Барбидің үстінде жүрсе  таңқалмаңыз.

Жылан жылы

2013 жыл  Шығыс күнтізбесі бойынша  – Жылан жылы. Бұл – Ұлу жылынан кейін келетін мүшел есебінің алтыншы жылы.   Қытай күнтізбесі бойынша келер жылдың иесі – қара су жыланы екен. Ол шығыс халықтарында ақыл мен ұстамдылықтың белгісі саналады. Сондықтан, бұл жылы өмірге сабырлы, ақылды адамдар келеді деген түсінік бар.  Әрі жылан жылы тарихи оқиғаларға да толы. Қазақ тарихына көз салсақ, елеулі оқиғалардың негізі осы жылы бастау алғанын байқауға болады. Соның бірі – Алаш идеясының қалыптасуына негіз болған Қарқаралы петициясының қабылдануы.

Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент – Ақжайық Оразбаева:

Жылан жылы Ұлы хакім Абай дүниеге келген болатын. Біз Абайды қазақ халқының, қазақ руханиятының үлкен, Ұлы ұстазы ретінде танимыз. Сондықтанда болашақта, келе жатқан Жылан жылында халқымызға тек жақсылық болатынына, Ұлы Абай атамыз сияқты ғұламалар дүниеге келіп, елімізде тек қана тыныштық болып, жақсы-жақсы тарихи оқиғаларға бастама болатынына сенеміз. 

Оқуды жалғастыру

Батырлар мен ақындар мекеніне саяхат

This slideshow requires JavaScript.

Бұл суреттерде Райымбек ауданынның Ақсай, Кеген, Нарынқол ауылдарына бара жатқан жолдағы ерекше жерлер түсірілген. Оның ішінде Шәлкөде жайлауы және Райымбек батыр ескерткіші.

Театрлар фестивальіндегі «Антивирус» қойылымы

Астана қаласында және Алматыда Ғабит Мүсрепов атындағы жастар театрының қабырғасында өткен Қазақстан театрлары фестивальінде Елордамыздан келген Астана қаласының театры көрермендер назарына «Антивирус»  комедия­сын ұсынды. Қойылымның режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов.

Негізі басында қойылымның не туралы екенін түсіне алмай, жалығумен болдым. Шығарманың ортасына қарай, жанымда отырған Иран Ғайып ағамыз мағыналы, барша қауымға ой салатындай фәлсафалық жерлерінде шапалақтай бастады. Сол кезде туындыдағы негізгі идеяны түсіне бастадым.

Шығарманың мазмұны: Оқиға желісі темір тұлпар жөндейтін СТО аталып кеткен жерден басталады. Онда жұмыс істейтін қызметкерлердің көбі «гастербайтерлер». Олар Қазақстанның «нанын»  жеп, бірақ, біздікілердің қаржыларын өз елдеріне ақырындап жіберіп жатқандықтары. Келген қыз-келіншектері ер жігіттеріміздің жүректерін жаулап, осылайша зиян келтірулері көрсетіледі. Комедияда махаббат хикаялары да, шиеленісті оқиғалары да бар. Негізгі ойы: «Қазақ келген қонағын төріне шығарамын деп, басына шығарып алатындығы» …

«Дүниежүзілік қуыршақ карнавалы-2011» Алматыда

This slideshow requires JavaScript.

Қуыршақ карнавалына 18 елден 21 қуыршақ театры ұжымдары қатысты. АҚШ, Португалия, Франция, Германия, Иран, Чили, Ресей, Испания, Италия және тағы да басқа елдерден 100-ден аса қонақтар келді. Мұндай салмақты шара кездейсоқ ұйымдастырылып отырған жоқ.  «Алматы -2011 Дүниежүзілік қуыршақ карнавалы» –  Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арнайы ұйымдастырылып отыр.

Мерекелік қойылымдарды тамашалауға келген балдырғандардың қуанышында шек жоқ. Осы шара барысында олар өздері сүйіп оқитын ертегілер мен  мульфильмдердің барлық кейіпкерлерімен кездесті. Тасша бала, түйе, аю, шығыс ханшайымы – Шахиризада сынды түрлі – кейіпкерлер барша көрермендерге қиял әлемін сыйлады.

Армандағы бақ…

Гүл өсіру бейнеті мен рахаты көп ермек, кейбір адамдарға тіпті жұмыс. Отырғызған ұрықтан, әдемі гүлдің қауыз жаруы – еңбегіңнің жемісі, көңіліңнің қуанышына айналары анық. Енді, анамның бағына саяхат)

This slideshow requires JavaScript.

Африка түйеқұсы

Африка түйеқұсы – әлемдегі ең ірі құстардың бірі. Олардың бойы 3 метрге, ал салмағы 120-200 килограммға дейін жетеді. Соған қарамстан, жүгіру жылдамдығы орта есеппен 70 километр/сағат.  Түйеқұстар шамамен 70 жыл өмір сүріп, соның 30-40 жылында айтарлықтай өнім береді екен. Жалпы түйеқұстар саваннада өмір сүруге бейімделген. Дегенмен, олар еліміздің табиғи жағдайына да үйренісіп кеткен көрінеді.

Түйеқұс өнімдері табыстың бір көзі деуге болады.  Бабын тауып күте білген адамға пайдасы да мол. Оның терісінің беріктігі піл немесе қолтырауынның терілеріне пара-пар келеді. Яғни, оны аяқ киімдерді қаптауға, басқа да сәндік бұйымдарды жасауға пайдалануға болады. Тірі салмағының 60 пайызы еттен тұратын түйеқұс батыс елдерінің мейрамханаларында диеталық тағам ретінде ұсынылады.  Сондай-ақ, түйеқұстың еті ем ретінде пайдалы, әсіресе, қан қысым жоғары және сусамырмен ауыратындар үшін таптырмас шипа. Сондықтан, осы экзотикалық құсқа  елімізде қызығушылық уақыт өткен сайын артуда. Қазіргі таңда түйеқұс етіне сұраныс жоғары. Соған сай өзіндік құны да қымбат.  

Түйеқұстың тек еті ғана емес, жұмыртқасының өзі тағам ретінде тойымды, әрі  ағзаға пайдалы. Оның бір жұмыртқасының үлкендігі кәдімгі теңбіл доптың көлеміндей. Бір қызығы, салмағы бір жарым-екі келідей болатын  жұмыртқаны 12-14 адамға қуырып беруге болады.

Бүгіндері түйеқұс шаруашылығы еліміздің Қостанай, Қарағанды, Алматы, Шымкент секілді аймақтарында қолға алынып жатыр. Қазақстанда түйеқұстардың жалпы саны шамамен 250 басқа жеткен.

This slideshow requires JavaScript.