Батырлар мен ақындар мекеніне саяхат

This slideshow requires JavaScript.

Бұл суреттерде Райымбек ауданынның Ақсай, Кеген, Нарынқол ауылдарына бара жатқан жолдағы ерекше жерлер түсірілген. Оның ішінде Шәлкөде жайлауы және Райымбек батырдың басы.

Театрлар фестивальіндегі “Антивирус” қойылымы

Астана қаласында және Алматыда Ғабит Мүсрепов атындағы жастар театрының қабырғасында өткен Қазақстан театрлары фестивальінде Елордамыздан келген Астана қаласының театры көрермендер назарына “Антивирус”  комедия­сын ұсынды. Қойылымның режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов.

Негізі басында қойылымның не туралы екенін түсіне алмай, жалығумен болдым. Шығарманың ортасына қарай, жанымда отырған Иран Ғайып ағамыз мағыналы, барша қауымға ой салатындай фәлсафалық жерлерінде шапалақтай бастады. Сол кезде туындыдағы негізгі идеяны түсіне бастадым.

Шығарманың мазмұны: Оқиға желісі темір тұлпар жөндейтін СТО аталып кеткен жерден басталады. Онда жұмыс істейтін қызметкерлердің көбі “гастербайтерлер”. Олар Қазақстанның “нанын”  жеп, бірақ, біздікілердің қаржыларын өз елдеріне ақырындап жіберіп жатқандықтары. Келген қыз-келіншектері ер жігіттеріміздің жүректерін жаулап, осылайша зиян келтірулері көрсетіледі. Комедияда махаббат хикаялары да, шиеленісті оқиғалары да бар. Негізгі ойы: “Қазақ келген қонағын төріне шығарамын деп, басына шығарып алатындығы” …

«Дүниежүзілік қуыршақ карнавалы-2011» Алматыда

This slideshow requires JavaScript.

Қуыршақ карнавалына 18 елден 21 қуыршақ театры ұжымдары қатысты. АҚШ, Португалия, Франция, Германия, Иран, Чили, Ресей, Испания, Италия және тағы да басқа елдерден 100-ден аса қонақтар келді. Мұндай салмақты шара кездейсоқ ұйымдастырылып отырған жоқ.  «Алматы -2011 Дүниежүзілік қуыршақ карнавалы» –  Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арнайы ұйымдастырылып отыр.

Мерекелік қойылымдарды тамашалауға келген балдырғандардың қуанышында шек жоқ. Осы шара барысында олар өздері сүйіп оқитын ертегілер мен  мульфильмдердің барлық кейіпкерлерімен кездесті. Тасша бала, түйе, аю, шығыс ханшайымы – Шахиризада сынды түрлі – кейіпкерлер барша көрермендерге қиял әлемін сыйлады.

Армандағы бақ…

Гүл өсіру бейеті мен рахаты көп ермек, кей адамдарға жұмыс. Отырғызған ұрықтан, әдемі гүлдің қауыз жаруы – еңбегіңнің жемісі, көңіліңнің қуанышына айналары анық. Енді, анамның бағына саяхат)

]

This slideshow requires JavaScript.

Африка түйеқұсы

Африка түйеқұсы – әлемдегі ең ірі құстардың бірі. Олардың бойы 3 метрге, ал салмағы 120-200 килограммға дейін жетеді. Соған қарамстан, жүгіру жылдамдығы орта есеппен 70 километр/сағат.  Түйеқұстар шамамен 70 жыл өмір сүріп, соның 30-40 жылында айтарлықтай өнім береді екен. Жалпы түйеқұстар саваннада өмір сүруге бейімделген. Дегенмен, олар еліміздің табиғи жағдайына да үйренісіп кеткен көрінеді.

Түйеқұс өнімдері табыстың бір көзі деуге болады.  Бабын тауып күте білген адамға пайдасы да мол. Оның терісінің беріктігі піл немесе қолтырауынның терілеріне пара-пар келеді. Яғни, оны аяқ киімдерді қаптауға, басқа да сәндік бұйымдарды жасауға пайдалануға болады. Тірі салмағының 60 пайызы еттен тұратын түйеқұс батыс елдерінің мейрамханаларында диеталық тағам ретінде ұсынылады.  Сондай-ақ, түйеқұстың еті ем ретінде пайдалы, әсіресе, қан қысым жоғары және сусамырмен ауыратындар үшін таптырмас шипа. Сондықтан, осы экзотикалық құсқа  елімізде қызығушылық уақыт өткен сайын артуда. Қазіргі таңда түйеқұс етіне сұраныс жоғары. Соған сай өзіндік құны да қымбат.  

Түйеқұстың тек еті ғана емес, жұмыртқасының өзі тағам ретінде тойымды, әрі  ағзаға пайдалы. Оның бір жұмыртқасының үлкендігі кәдімгі теңбіл доптың көлеміндей. Бір қызығы, салмағы бір жарым-екі келідей болатын  жұмыртқаны 12-14 адамға қуырып беруге болады.

Бүгіндері түйеқұс шаруашылығы еліміздің Қостанай, Қарағанды, Алматы, Шымкент секілді аймақтарында қолға алынып жатыр. Қазақстанда түйеқұстардың жалпы саны шамамен 250 басқа жеткен.

This slideshow requires JavaScript.

2-мамыр ыстық және “шырынды” күн болды)))

Алматының құбылмалы ауа райы осы күндері ерекше ыстық. Біз жауа берген жаңбырға қарап, эээххх қашан жаз түседі деп жүргенде, аптап ыстық жаз да келді.

Таң ертең аялдамадан қоғамдық көлікке отырдым. Баратын жерім өте алыс болды. 1 сағаттан соң шөлдеп, әбден шаршадым. Дәл сол уақытта автобусқа “іздегеннің алдынан, іздемей-ақ табылар” дегендей бір топ бала кіріп, тегін шырынды сусындар таратып, баршамызбен суретке түсіп мәре-сәре болып кеттік. Сөйтсек, бұл Алматыдағы шырынды сусындар шығаратын белгілі бір компанияның ұйымдастырып жатқан акциясы екен. Акцияға “тар жерде, тамаша көңіл-күймен” деген атау беріпті. Менің де, барша қоғамдық көлікте отырған апа-аталардың да, жүргізушінің де, яғни бәріміздің көңіл-күйіміз көтеріліп қалды.

Осылайша бара жатқан жеріме жетіп, жұмыстарымды тындырып келе жатсам “Променадтың” алдында өзге сусындар шығаратын компания акциясы басталыпты))) Алысырақ жерде олардың қойылымдарын тамашалап, құрбымды күтіп тұрғаным сол еді, “Жақындаңыз!” деп жаныма келіп тағы сусын ұстатып кетті. Мен де ұялғанынмнан не істерімді білмей сол мерекелік шараны ортасынан табылдым. Биледік, күлдік және , әрине, сусын іштік. Өте қызықты болды.

P. S: Жаз мезгілі сусындардың өтімділігі ең жоғары маусым. Ал жоғарыда аталып кеткен компаниялардың осы акциялары , меніңше, сәтті пиар қадам! Әсіресе, қоғамдық көліктерде!

Қол жетпеген Шамбала елі…


Гималайға соңғы экспедиция 1942 жылы 28 – қарашада Сталинград түбінде неміс әскері тұзаққа түсіп, Африкадағы вермах дивизиясы жеңіліске ұшырағанан кейін Гиммлер   Гитлераге жолыққан соң аттанған еді. Гиммлер мен    Гитлер алты сағаттай уақыт табжылмай көзбе – көз сөйлесті. Тек 1990 жылы баспасөз беттерінде жарияланған мақалалардан алты сағаттық әңгіменің сыры белгілі болды.  Яғни, сол күні Гиммлер Тибетке тәжірбиелі СС – тің тәжірбиелі альпинист-офицерлерін жіберіп,  Шамбаланы  іздеп табуды ұсынған екен.

Фюрерге берілген жобада Шамбала халқының  қайда қоныстанғанын нұсқайтын алдыңғы зерттеулер нәтижесінде қалған карта болған. Гиммлер Гитлерді тылсым күшке ие Шамбала тұрғындарының арқасында тарихты қалауы бойынша өзгертіп, жеңіске жетуге болатындығына сендірді.

1943 жылдың қаңтарында асқан құпиялылық жағдайында Берлиннен Тибетке  бес адам аттанды. Оларға Австриялық тәжірбиелі альпинист Генрих Харрер мен Гиммлердің сеніміндегі адамы   Петер Ауфшнайтер басшылық етті. Алайда, мамыр айында оларды сол кездегі британдық Үнді елі тұтқынға алып, абақтыға қамады. Өйткені, орыстар сияқты ағылшындар да шығыс ғажайыптарына жол іздеп, амал таппай жүрген еді.

Генрих Харрер бір жылда төрт рет қашуға бел байлаған. Бірақ, оны әр кез қайтадан тұтқынға алып, қамаудағылардың барлығына заңды қатайта түскен. Дегенмен, олар бостандыққа да қол жеткізді. Петер Ауфшнайтер бастаған Харрердің жолдастары түрмеден қашу жоспарын ұйымдастырып, темір тордың артынан барлығы сытылып шығады. Алайда, қуғын сүргіннен, сырқаттардан Петер мен Харрер ғана аман қалып, Тибетке қарай бірге жол тартады. Харрер Шамбала елін іздеп табу жолында бес жыл Тибет тауларын кезіп шығады. Содан соң, ғана аяқ астынан үнді саудагерінен Германияның жеңілгендігін және соғыстың аяқталғанын біледі.

1948 жылы Харрер Тибет астанасы Лхасқа келеді. Далай-лама кезінде сонда үш жыл өмір сүріп, 1951 жылы үлкен мұрағат материалдарымен қайтадан Австрияға оралады. Бірақ бұл мағлұматтармен ғалымдар танысып үлгермейді. Себебі, барлық зерттеу құжаттарын ағылшындықтар кәнфескелейді. Кейіннен альпинист «Тибеттегі жеті жыл» атты мемуар кітабын жарыққа шығарады. Тек кітап осы шығарманың желісі бойынша түсірілген, басты рөлде Брэд Питт ойнайтын голливудтық фильм түсірілген соң атақты болады. Ол кезде автор өмірден өтіп кеткен болатын.

Ал, архивке келер болсақ ағылшындар құпия құжаттарды жарияламайтындықтарын қадап айтқан. Біраз ғалымдар оның сырын жағымсыз күштерді шақыратын салт – дәстүр  түсірілген пленканың болуымен түсіндіріп отыр.

Одри Хепберн және темекі…))

Әлемнің әр бұрышында қаншама нәзік жандыларға үлгі болған  әдемі, ақылды Одри Хепберн апайымыздың жақында біраз өсиеттерін оқығанмын. Сонда: «әйел заты шынымен сұлу болам десе мына 9 талапқа сай өмір сүруі керек: 1. Еріндеріңіз сұлу болсын десеңіз – жақсы сөздерді көптеп айтыңыз. 2. Көздеріңіз нұрға толсын десеңіз – айналаңыздағы адамдардан мейірімділік көре біліңіз. 3. Семіріп кетпеу үшін – аш адамдармен  өзіңіз  ішетін асыңызды бөлісіңіз. 4. Шаштарыңыз тартымды болсын десеңіз – шашыңызды жас сәбилердің сипалауына рұқсат етіңіз (олар сөйтіп ойнағанды ұнатады емес пе?…) 5. Иығыңыз әрдайым түзу болу үшін – ешқашан жалғыз қалмаймын деп ойлауға тырысыңыз. 6. Егер сізге біреудің қол ұшын созғаны керек болса, ол әрдайым сізбен бірге. Өзіңіздің екі қолыңыз. 7. Есейіп, самайыңызға ақ түскенде бір қолыңыз өзіңізге, екіншісі өзгелерге көмектесетін екі қолыңыз бар екенің түсінесіз. 8. Сұлулық – шаш үлгісі, дене бітіміңіз немесе киімде емес. Сұлулық – адамның жанарында. Өйткені көздер – махаббат өмір сүретін адам жүрегінің қақпасы. 9. Жылдар өтеді, кетеді бірақ, сұлулық емес» – деп жазады. Сонымен қатар, «қыз баладан темекі мен арақтың иісі емес, тазалық пен нәзік әтірдің ғана иісі анқып тұруы керек» – дегені де бар.

P. S: Негізі жас жігіттердің темекі тартқандарын да түсінбеймін. Біріншіден, өмірдегі ең үлкен күнәнің бірі адамның өзін-өзі өлтіруі. Ал, темекі шегу ол ақырындап өзіңе-өзің қолжұмсау. Екіншіден, ақша құрту. Үшіншіден, 1-2 минут болса да уақыт өлтіру. Төртіншіден, денсаулық. Яғни, рак ауруымен ауыру қаупі. Содан соң, кішкене қиналса бар мәселені сол көк түтін шешетіндей темекі шегу. Меніңше, ол тек адамның әлсіздігін көрсетеді. Мысалы: екінші сыныпта анасынан айырылып, қаншама қиындықты басынан өткізіп, қара терісімен ақша тауып отбасын бағып отырған өмірінде ішімдіқ ішпеген, темекіге салынбаған бір кісіні жақсы білемін. «Құдай бала бер, бала берсең сана бер, сана бермесең ала бер» – деген осы ғой… Өзіммен бірге оқитын жас жігіттердің көбі темекі тартады. Шынымды айтсам, біреуі ғана тартпайды. Өмірден еш қиындық көріп үлгермеген жап – жас жігіттер, бұл сонда не болды?… Қысқасын айтқанда, осы айтып отырғанымның бәрі жеке субъективті пікірім… қара ниетім де жоқ.

Жер сілкінісі…

Жер сілкінісі… Бұл сөздер алматылықтардаң 1 мамырдан берігі хит-шеруінде бірінші орында айтылып келе жатқан сөздер. 1 мамыр оны 8:30 дан бастап қыдырып жүрген белсенде адамдар 3 рет  сезген, одан белсенділіктері төмендері 6, ал демалысын теледидардың алдында өткізетін ағайын ең  сезімтал, әрі байқампаз екен. Олар 9 рет болды дегенді алға тартады. Түнгі саған 11-12-01-дің  арасында «сезгіш», құлақтарына асыра сілтейтін эфектілер мен перехоттары орнатылған  апайларымыз бен сымсыз телефондардың хабарлаулары бойынша және көрші МЧСник ағайларымыздың болжамдары негізінде 9 баллдық жер сілкінісі  болуы мүмкін еді. Ескерткендеріңізге рахмет! Көптен бері дауысын естімеген туған – туыстарымызбен хабарласып, қаланың шетінде жер үйде тұратынымызды естеріне түсініп, мини наурыз пати болып кете жаздады. Бақытымызға орай 3-4 балдық  жер сілкісіні болды. Міне 8, 9 мамыр туыстарымыз біздің қара шаңырағымызға жиналды. Тағы жер сілкінуі мүмкін деген оларға МЧСниктерден хабар келіпті. Келесі күні таң ертеңгілік хабарлардан Алматыда осы жылы 7 баллдан асатын жер сілкінісі болмайтындығы айтылып, барша жұрт ууууухххх… деп жеңілдеп қалды. Лайым туыстармен тек жақсылықтарды жолығайық…

P.S: Негізі теледидардан Жапонияның жер сілкінісін болжайтын ғылыми орталықтарын көріп фантастикалық кино көргендей әсерде болғанмын. Ол елде 5 мыңға жуық сейсмикалық орталығы бар.  Ал, Алматының ондай орталықтарында не бар дейсіз ғой?))) Олардың құралдарының 10 нан 1 бөлігі де жоқ – ау. Онда 1-2 жер сілкінісін өлшейтін құрал, содан соң, тышқан, қоян, жылан т.б жан-жануарлар бааааар. Елімізде ғылымға қаншалықты көңіл бөлінетінін осыдан аңғарыңыз. Дамыған елдерде ең үлкен жалақы ғалымдарға тиесілі, бізде ең төмен айлықты ғалымдар алады. Енді салыстырып көрелік: Анандай техникасы бар Жапония қатты жер сілкінісі болатынын 2 сағаттай уақыт қалғанда ғана білген. Сол себепі халқының біраз бөлігін құтқарып қала алмады. Ал, біздеее…

 

Олимпиада үздіктерді анықтады…

Сәуірдің  сегізінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де “Ең дарынды болашақ журналист” атты республикалық олимпиада болып өтті. Мен осы қара шаңырақтың  журналистика факультетінің студенті ретінде команда мүшесі болдым. Тобымыз “Шаңырақ” деп аталды. Бұл шараға біраз уақыт дайындаған едік. Негізі жарыс екі бөлімнен тұрады. 1-ші, студент білімін анықтау. Яғни, 400 сұрақ тестке жауап беру. 2-шісі, өнер көрсету. Бірақ, сайыс жеңімпазы тек тест нәтижесінен үздік болған студент қана атана алады. Енді біздің дайындық сәтіміз туралы суреттер сөйлесін:

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.